Атырау облыстық оңалту орталығы жаңа жабдықтармен толықтырылды

02 ақпан 2023
Ecology

Теңізшевройл Атырау облыстық оңалту орталығына жалпы құны 41 млн теңгеге жуық жабдықтарды сыйға берді.

Аталмыш орталық жыл сайын облыстың 16 жастан асқан 1 және 2 топтағы 1000-ға жуық мүгедектерге қызмет көрсетеді. Қазіргі уақытта орталықта 55 адам оңалтудан өтуде.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру, әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат Мәмбетов атап өткендей, бұл жабдықтардың орталық үшін маңызы зор: «Орталық ТШО демеушілігінің нәтижесінде өте маңызды жабдықтарымен толығып жатыр. Жылына мыңнан астам науқасты қабылдайтын орталыққа бұл жабдықтар өте қажет. Жаңа жабдықтар олардың тезірек оңалып кетулеріне септігін тигізеді деген сенімдеміз».

Орталыққа инсульттан кейінгі науқастар, тірек-қимыл аппаратының моторикасын жақсартуға және т.б. арналған жабдықтың барлығы 9 атауы берілді.

Компания бұл жабдық оңалту орталығының пациенттерінің сауығуына оң әсер етеді деп үміттенді.

«Орталықта облыстың түкпір-түкпірінен келген тұрғындар ем алады және біздің қолдауымыз орталыққа келушілердің тез қалпына келуіне оң әсер етеді деп үміттенеміз. Теңізшевройл әлеуметтік-жауапты компания ретінде өзінің өндірістік қызметін жүргізетін аймақта әрқашан әлеуметтік қолдау көрсетуге ұмтылады. Барлық жылдар бойы компания әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыруға 2,6 млрд АҚШ долларын бөлді», - деп атап өтті Теңізшевройл құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас менеджері Әсет Құрманбаев.

Айтып өтетін жәйт, оңалту орталығының пациенттері биылғы жылы «Атырау. Шағын ел» ҚҚ-да иппотерапия сабақтарына қатысты. Қор 2022 жылы ТШО-ның Әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы аясында қаржылық қолдау алған болатын. Ерлан Күмісқалиевтің өзі атап өткендей, «Атырау. Шағын ел», пациенттерімізде айтарлықтай прогресс бар. Сонымен қатар, иппотерапия сеанстарына қатысқан оңалту орталығының 2 пациенті 2022 жылы паракон спортынан Қазақстан чемпионатында алтын мен күміс жүлделер жеңіп алды.

Жылдық бюджеті 25 млн АҚШ долл. Құрайтын «Игілік» ерікті әлеуметтік-инфрақұрылымдық бағдарламасы мен 2022 жылы бюджеті 2,3 млн АҚШ доллар құрайтын Әлеуметтік инвестициялар бағдарламасынан басқа, кәсіпорын демеушілік көмек көрсетіп келеді. Сонымен, жабдықты оңалту орталығына беру жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен алғашқы бірлескен жобасы емес. Бұған дейін қол қойылған келісімге сай 100 зейнеткер, еңбек ардагерлері, олардың жартысы Жылыой ауданының тұрғындары, 2022 жылғы қарашадан 2023 жылғы сәуірге дейін Теңізшевройл демеушілігінің арқасында Атырау шипажайында сауықтыру курсынан тегін өтетін болады.