Теңізшевройл 2022 жылғы қорытындысы бойынша қызмет көрсеткіштерін жариялайды

21 ақпан 2023
Ecology

Бүгін "Теңізшевройл" ЖШС (ТШО) 2022 жылы атқарған қызметінің нәтижелері мен компания көрсеткіштерін, соның ішінде шикі мұнай өндірісі көлемінің алдыңғы жылмен салыстырғанда 10%-ға өскенін және 14,5 млрд АҚШ доллары көлемінде Қазақстан бюджетіне тікелей төлем жасағанын мәлімдеді.

2022 жылы шикі мұнай өндірісінің көлемі 29,2 млн тоннаны құрады. ТШО өндірілген шикі мұнайдың әр тоннасына шаққандағы жалпы шығарындылар (эмиссиялар) көлемін 2000 жылдан бері 75% - ға қысқартты.

“Жаһандық мұнай нарығындағы жағдайға қарамастан, компаниямыз кәсіби жауапкершілік танытып, нәтижеге жетудің дұрыс жолын таңдау арқылы ТШО құндылықтарынан таймай, мықты нәтиже көрсете алды. Бұл орасан жетістіктер – біздің төрт акционеріміз бен Қазақстан үкіметінің көрсетіп отырған қолдауының арқасы, сонымен бірге қызметкерлеріміздің зор қабілеті мен адал еңбегінің жемісі.”, – деп атап өтті ТШО-ның бас директоры Кевин Лайон.

2022 жылы біздің компания Қазақстандағы мұнай-химия өнеркәсібі мен ішкі нарыққа қажетті газға деген өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандыруға ҚР-ға көмек көрсетуде өзінің жетекші рөл атқаруын жалғастырды. 2022 жылы ТШО өндірген газдың 87% -ын Қазақстанның ішкі нарығына жіберілді. Қазіргі таңда жуырда іске қосылған Атырау қаласындағы «KPI» мұнай-химия кешені шикізат ретінде пайдаланатын пропанның 100%-ы ТШО-дан жеткізіліп отыр.

 

ТШО Қазақстанның ұлттық экономикасына ең үлкен үлес қосуды жалғастыруда. 2022 жылы ТШО соңғы 6 жылдағы қазақстандық тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың ең жоғары үлесіне жетті, яғни 70% - ға жеткізді. Жұмсалған қаражаттың басым бөлігі ККЖ-ҰЕҚБЖ жобасымен байланысты. 1993 жылдан бері ТШО ел қоржынына 176 млрд АҚШ долларынан астам тікелей қаржылық төлемдер жасап, оның ішінде 43,6 млрд. АҚШ долларын жергілікті тауарлар мен қызметтерге жұмсалған. 1993 жылы кәсіпорын жұмысшылары арасында ҚР азаматтарының үлесі 50%-ды құраса, ал 2022 жылдың қорытындысы бойынша ТШО-ның негізгі өндірісіндегі лауазымдардың 94,8%-ын қазақстандықтар құрайды.

ТШО бас директорының орынбасары Көңілқош Сүйесінов: Компаниямыздың Қазақстанда қызмет етіп келе жатқанына 30 жыл толуы қарсаңында, еліміздің экономикалық дамуы мен кәсіпорнымыз орналасқан аймақтың жергілікті халқының әл-ауқатына елеулі үлес қосып жүргенімізді мақтан тұтамыз.

 

1993 жылы негізі қаланғаннан бері ТШО Атырау облысының тұрғындары мен қызметкерлерін қамтитын әлеуметтік жобалар мен бағдарламаларды қаржыландыруға 2,7 млрд-тан астам АҚШ долларын жұмсады. Жылдық бюджеті 25 млн АҚШ долларына тең “Игілік” әлеуметтік инфрақұрылым бойынша ерікті бағдарламасы мен жылына 2,5 миллион АҚШ доллары бөлінетін Әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы арқылы жергілікті тұрғындарды әрі қарай да қолдай бермек.

Теңізшевройл» ЖШС жайында

«Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) мұнай, сұйытылған газ, құрғақ газ және күкірт қорларын игерумен, өндірумен және сатумен айналысатын қазақстандық жауапкершілігі шектеулі серіктестік. ТШО заманауи технологияларды енгізе отырып, өз қызметін еңбек қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау бойынша дүниежүзілік стандарттарға сай жүзеге асырып отыр. 1993 жылы сәуірде Қазақстан Республикасы мен «Шеврон» корпорациясы арасында ТШО біріккен кәсіпорнын құру туралы келісім жасалды. Серіктестіктің қатысушылары: «Шеврон» – 50%, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ – 20%, «ЭксонМобил Қазақстан Венчурс Инк.»–25% және «Лукойл» - 5%.

Келешек кеңею жобасы (ККЖ) және Ұңғы ернеуіндегі қысымды басқару жобасы (ҰЕҚБЖ) – ТШО бір уақытта іске асыратын екі біріктірілген жоба. ККЖ/ҰЕҚБЖ жобасы аяқталғаннан кейін Теңіз кен орнындағы шикі мұнай өндіру қуаты жылына 12 млн тоннаға, ал жалпы көлемі 39 млн тоннаға дейін ұлғаймақ. ККЖ жобасы өндіріс көлемін арттыруға мүмкіндік берсе, ҰЕҚБЖ жобасы ұңғыма сағасындағы қысымды төмендетіп, өндірістегі алты кешенді технологиялық желідегі қысымды арттыру арқылы Теңіз кен орнындағы зауыттардың өндіргіш қуатының толық қолданылуын қамтамасыз етеді.