Теңізшевройл Қазақстандағы қызметіне 30 жыл толуын атап өтуде

05 сәуір 2023
Ecology

«Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) Қазақстанда атқарған табысты қызметіне 30 жыл толуын атап өтуде. ТШО 1993 жылдан бері шикі мұнай өндірісі көлемін 29 есеге ұлғайтып, 2000 жылдан бері ауаға ластаушы заттар шығарындыларының қарқындылығын 75%-ға қысқартты.

 

Соңғы үш онжылдықта ТШО Қазақстан экономикасына 176 миллиард АҚШ долларынан астам қаржылық төлемдер жасады, оның ішінде 43 миллиард АҚШ долларынан астамы жергілікті тауарлар мен қызметтерге жұмсалған.

ТШО Қазақстанда жұмыс жасаған 30 жыл ішінде елдің экономикалық ілгерілеуіне көмектесті және оның жаһандық энергия өндірушісі ретіндегі маңызды ұстанымына қолдау көрсетті. Осының барлығы біздің төрт акционеріміз, Қазақстан Үкіметі мен біздің білікті және адал қызметкерлеріміз, ТШО жұмыс істейтін қоғамның мызғымас сенімі мен қолдауынсыз мүмкін емес еді» – деді ТШО бас директоры Кевин Лайон.

 

Жалпы Келешек кеңею жобасы – Ұңғыма ернеуіндегі қысымды басқару жобасының (ККЖ-ҰЕҚБЖ) құрылыс кезеңі аяқталды. Бұл кеңейту жобасының мемлекеттік маңызы бар және нәтижесінде дайындалған білікті жұмыс күшін, жаңа нысандар, қазақстандық және халықаралық компаниялар арасында құрылған серіктестік арқылы технологияларды табыстау және өңірдегі жаңартылған инфрақұрылымды құруға көмектеседі.

ТШО бас директорының орынбасары Көңілқош Сүйесінов: «Осы 30 жыл ішінде ТШО ұлттық жұмыс күшіне қаржы құйды, жүздеген мың жергілікті жұмыс орындарын құрып, жергілікті тауарлар мен қызметтерді пайдаланды, бұл тек Атырау облысында ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның басқа аймақтарында да экономикалық белсенділікті ынталандырды деп мақтанышпен айта аламыз».

 

2023 жылы ТШО қазақстандық қамту көрсеткішін 70%-тен асырып, соңғы 6 жылдағы ең жоғарғы деңгейге қол жеткізді. Қазір ТШО-ның негізгі өндірісінде лауазым иелерінің 95%- Қазақстан азаматтары құрайды. Сонымен қатар, ТШО құрылған күннен бастап Атырау облысы бойынша мектептер, ауруханалар, демалыс орындары, балабақшалар және басқа да қоғамдық орындар сияқты әлеуметтік нысандарды салу және көркейтуге арналған 120-дан астам әлеуметтік инфрақұрылымдық жобаларға 360 миллион АҚШ долларынан астам инвестиция құйды. Сондай-ақ, ТШО денсаулық сақтау, білім беру және экономикалық даму салаларында қоғамның әл-ауқатын жақсартуға бағытталған әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы аясында 123 әлеуметтік жобаға қолдау көрсетті.

 

«Теңізшевройл» ЖШС туралы
«Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) – шикі мұнай, сұйытылған газ, құрғақ газ және күкіртті өңдеумен, өндірумен және сатумен айналысатын қазақстандық серіктес компания. ТШО заманауи технологияларды енгізіп, өз жұмысын әлемдік деңгейдегі қауіпсіздік және экологиялық стандарттарға сай жүргізеді. ТШО 1993 жылы сәуірде Қазақстан Республикасы Үкіметі мен «Шеврон» корпорациясы арасындағы шарт бойынша құрылған. Серіктестер – «Шеврон» -50 %; «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ -20 %; «ЭксонМобил Қазақстан Венчурс Инк.» - 25%және Лукойл - 5%.