Теңізшевройл қазақстандық қамтуды дамытудың жаңа бағдарламасын ұсынды

06 сәуір 2023
Ecology

Атырау қаласында «Atyrau Oil and Gas» 20-шы Солтүстік Каспий өңірлік көрмесі басталды. Көрмеде «Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) мамандары компанияның қазақстандық қамтуды қалай қолдау көрсететіндігі және дамытатындығы туралы айтып, қазақстандық қамтуды дамытудың жаңа бағдарламасын ұсынды.

 

ТШО үшін қазақстандық қамтуды (ҚҚ) дамыту – бұл жергілікті экономиканың өсуіне алып келетін, сондай-ақ компанияға бәсекеге қабілетті бағамен әлемдік деңгейдегі жұмыстарды, тауарлар мен қызметтерді ала отырып, өндіріс қажеттіліктерін қанағаттандыруға көмектесетін жүйелі және ұзақ мерзімді іс-шаралар. Қазақстандық қамтуды дамыту жөніндегі ТШО стратегиясының негізгі аспектісі ағымдағы және әлеуетті өнім берушілермен жұмыс болып табылады, осылайша өнім берушілер мұнай-газ саласында бизнес жүргізу үшін сәйкес келуі тиіс халықаралық сапа және қауіпсіздік стандарттарын түсінеді.

 

Көрме барысында ТШО мамандары жеткізушілерді іріктеу және біліктілігін арттыру процесі, тендерлік процесс, мердігерлік ұйымдарға қойылатын талаптар, сондай-ақ алдағы бірнеше жылда компанияға қандай жұмыстар мен қызметтер қажет болатыны туралы толық айтып берді. ТШО ҚҚ бөлімінің сыртқы және ішкі тараптарымен өзара іс-қимыл жөніндегі топ жетекшісі Олжас Лұқманов көрменің пленарлық сессиясында сөйлеген сөзінде жеткізушілердің ТШО-мен ынтымақтастыққа өз қызығушылықтарын білдіру үшін SEOI жүйесінде тіркеуден қалай өтуге болатындығы және компанияның 2023 жылға арналған сатып алу жоспарымен қалай танысуға болатындығы туралы айтты.

 

- ТШО әлеуетті жеткізушілерді іздеу үшін жеткізушінің қызығушылық білдіру порталын (SEOI) тиімді пайдаланатын әділ және ашық келісім-шарт процесін пайдаланады. Бұдан басқа, ашықтықты арттыру үшін ТШО мердігерлік жұмыстар мен сатып алудың жылдық жоспарын біздің сыртқы веб-сайтымызға орналастырады, осылайша нарық субъектілері ТШО тендерлеріне қатысудың алдағы мүмкіндіктері туралы хабардар болады, - деді Олжас Лұқманов.

ҚК бөлімінің мүдделі тараптармен өзара іс-әрекеттер жөніндегі үйлестірушісі Асқар Ибрагимов өңірдің бизнес-әлеуетін дамытуға, жергілікті жеткізушілердің құзыреттерін арттыруға бағытталған Жылыой ауданын дамыту жөніндегі ТШО-ның жаңа бағдарламасын ұсынды. Оның айтуынша, бағдарлама кәсіпкерлікті дамыту үшін Жылыой ауданын кешенді қолдауға бағытталған, бұл ҚҚ үлесінің әлеуетті ұлғаюына және ТШО тауарларын сатып алуда жергілікті шағын және орта бизнестің әлеуетін нығайтуға әкеледі.

 

- Жергілікті нарықтың мүмкіндіктерін зерделеу аясында біз алдын ала талдау жұмыстарын жүргіздік. Жылой ауданы бойынша ҚҚ шығындары қарқынды өсуде және 2021 жылы 91,8 млн АҚШ долл. құрады, оның ішінде ҚҚ үлесі 87,2 млн АҚШ долл. (97%) құрады, - дейді Асқар Ибрагимов.

 

ТШО сатып алынатын қазақстандық тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің көлемі бойынша мұнай-газ операторлары арасында жетекші орын алады. 2022 жылы ТШО соңғы 6 жылда қазақстандық тауарлар мен қызметтерді сатып алудың жоғары үлесіне жетті. Бұл төлемдердің көп бөлігі Келешек кеңею жобасымен және Ұңғыма ернеуіндегі қысымды басқару жобасымен байланысты.

1993 жылдан бастап ТШО Қазақстан Республикасына тікелей қаржылық төлемдер түрінде 176 млрд. АҚШ долл. астам, оның ішінде жергілікті тауарлар мен қызметтерге ақы төлеуге 43,6 млрд. АҚШ долл. астам қаражат бөлді және үнемі отандық жеткізушілермен ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктерін қарастырады. 2022 жылы ТШО соңғы 6 жылдағы ең жоғары жергілікті қамтудың көрсеткішіне жетті – 70%-дан астам.

Қазақстан, Австрия, Әзірбайжан, Германия, Қытай, Нидерланды, БАӘ және Түркиядан 80-нен астам компания қатысатын «Atyrau Oil and Gas» көрмесінің бас серіктесі Теңізшевройл болды.