«Теңізшевройл» Kazakhstan Energy Week– 2023 форумына қатысты

05 қазан 2023
Ecology

Астанада KAZENERGY XV Еуразиялық форумы / Kazakhstan Energy Week - 2023 - энергетика, мұнай-газ секторындағы ең ірі шара өтті. Форум энергетикалық нарыққа қатысушылар арасында тиімді диалогты қамтамасыз етуге, энергетикалық жүйені дамытудың ағымдағы үрдістері мен бағыттарын қарастыруға арналған. «Осы іс-шара аясында алға қойылған перспективалар мен стратегиялық бастамалар еліміздің мұнай-газ және энергетикалық индустриясының серпінді және тұрақты дамуы үшін қолайлы алғышарттар жасайды», - дейді ұйымдастырушылар.

KAZENERGY XV Еуразиялық форумының салтанатты ашылуында Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Алмасадам Сатқалиев қатысушыларды құттықтап, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың үндеуін оқыды: «Қазіргі жаһандық энергетика күрделі климаттық және геосаяси сын-қатерлермен бетпе-бет келіп отыр, соның нәтижесінде энергетикалық қауіпсіздік, энергиямен қамтамасыз етудің тұрақты тізбегі, сондай-ақ «жасыл» технологиялар ерекше маңызға ие. Қазақстан өзін әлемдік нарыққа энергия ресурстарын сенімді жеткізуші ретінде көрсетті, баламалы экспорттық маршруттар мен көліктік-логистикалық инфрақұрылымды белсенді дамытады. Отын-энергетика кешені – еліміздің прогрессивті дамуының негізгі қозғаушы күштерінің бірі. Өнеркәсіпке ауқымды шетелдік инвестициялар мен жаңа технологиялар тартылады. Бұл ретте біз экономиканы дәйекті әртараптандыруға жіті көңіл бөлеміз. Біздің алдымызда серпінді жобаларды, соның ішінде мұнай мен газды терең өңдеу саласында іске асыру арқылы қосылған құны жоғары кластерлерді құру міндеті тұр».

Теңізшевройл (ТШО) әлемнің 50 елінен мұнай-газ саласындағы 300-ден астам компаниядан 2,5 мыңнан астам қатысушыны жинаған ең ірі шараның дәстүрлі түрде бас демеушісі болды. Форумда 2023 жылы саланың негізгі даму тенденциялары, соның ішінде энергетикалық инфрақұрылым мен жасыл бастамаларды дамыту мәселелері талқыланды.

Мұнай мен газ келешек энергияға деген сұранысты қанағаттандырудың өте маңызды факторы болып табылады. Біз Қазақстан мен бүкіл әлемге энергетикалық ауысудың маңыздылығы мен қажеттілігін мойындаймыз. ТШО бұл ауысуда өз рөлін атқарып қана қоймай, біздің серіктестерімізбен, ҚР Үкіметімен және басқа да мұнай-газ компанияларымен алдағы жолымызды ұштастыру мақсатында жұмыстарын жалғастырады. Бұл әсерлі, әрі күрделі пікірталас болмақ және біз оған қатысып, ойымызбен бөлісуге асықпыз», - деді Көңілқош Сүйесінов, ТШО бас директорының орынбасары.

ТШО энергетика саласын цифрландыруға қатысты өзінің инновациялық тәсілдерін ұсынып, көміртекті басқаруды қолдауға деген көзқарасы туралы бөліседі және сондай-ақ KAZENERGY XV Еуразиялық форумы аясында өткен Әйелдер энергетикалық форумында энергетика саласындағы әйелдерді қолдауға қосқан үлесі туралы айтты.

ТШО-ның негізгі басымдықтарының бірі – қоршаған орта мен адам денсаулығын қорғау. Компанияда көміртегі ізін азайта отырып, өндіріске көшу Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен энергетикалық қауіпсіздігімен теңгерімді болуы керек деп санайды. ТШО тұрақты өндірістік қызметті жүзеге асыруда жетекші орын алу үшін экологиялық жобаларға инвестициялау, озық технологияларды енгізу және ең тиімді әдістерді қолдану арқылы қоршаған ортаға тигізетін әсерін азайту бойынша практикалық шараларды дәйекті түрде жүзеге асырады. 2000 жылдан бері компания өндірілген мұнайдың тоннасына шаққандағы шығарындыларды 75%-ға азайтты, бұл компания тарихындағы ең төменгі көрсеткіш. Жалпы алауда жағу көлемі 5 жыл бұрынғы көлеммен салыстырғанда 57%-ға азайды. Бұл көрсеткіштерге мұнай өндірудің ұлғаюымен де қол жеткізілді, бұл жаһандық энергетикалық қауіпсіздікке ықпал етті. Ал Қазақстан Республикасына тікелей қаржылық төлемдер 1993 жылдан бері 184 миллиард АҚШ долларын құрады.

ТШО бұл жаһандық шараны қолдап, сенімді әрі тұрақты энергетикалық болашақты құруға үлес қосуды көздейді», - деп атап өтті Көңілқош Сүйесінов.