Астанада Kazakhstan Energy Week – 2023 / XV KAZENERGY Еуразиялық форумы аясында «Энергетикалық диалог: Көмірсутек vs Декарбонизация» сессиясында Теңізшевройл әлемдік мұнай-газ қауымдастығына ТШО-ның төмен көміртекті экономикаға көшуді қолдау бойынша жоспарлары мен іс-әрекеттерімен таныстырды.
- «Төмен көміртекті экономикаға көшу Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен оның энергетикалық қауіпсіздігін ескере отырып жүзеге асырылуы тиіс деп санаймыз. ТШО тұрақты түрде шығарындыларды азайту үшін жұмыс істеу тәжірибесін бейімдеу мүмкіндіктерін іздейді. Қазіргі уақытта біз көмірқышқыл газын барынша азайтуға, соның ішінде энергия тиімділігін арттыруға, алаулардағы жағуды болдырмауға, бос метан шығарындыларын азайтуға және өндірісімізге төмен көміртекті технологияларды енгізуге баса назар аударып отырмыз», - деді Көңілқош Сүйесінов, ТШО бас директорының орынбасары.
Ол ТШО-ның Париж келісімі бойынша Қазақстан Республикасына өзінің ұлттық жарнасы бойынша міндеттемелерін орындауды қолдайтынын және көмірқышқыл газының шығарындыларын азайту, жасыл бастамаларды ілгерілету және экологиялық сана мәдениетін қалыптастыруда еліміздің серіктесі болып қала беретінін атап өтті.
Көмірқышқыл газының шығарындыларын басқару саласында ТШО Теңіз кен орнындағы мұнай резервуарлық паркінде («МРП») метан шығарындыларын басқару жөніндегі жобасын іске асыруда. Осылайша, ТШО резервуарлардағы табиғи газды азотпен алмастырады, бұл атмосфераға метан шығарындыларын нөлдік көрсеткішке дейін төмендетуге көмектеседі.
Сонымен қатар, ТШО Екінші буын зауытында шикізатты өңдеу үшін екі электр және бір бу генераторын пайдаланады. 2021 жылдан бастап компания екі генераторды турбиналық газ өндіру режимінде пайдалануға көшті. Бұл бастама өңдеу зауытындағы көмірқышқыл газының шығарындыларын жылына шамамен 165 000 тоннаға азайтты.
- «ТШО сенімді және тұрақты энергетикалық болашақты құруға қолдау көрсетуге және үлес қосуға ұмтылады», - деді Көңілқош Сүйесінов.