Теңізшевройл 2023 жылғы қызметінің нәтижелерін жариялады

23 ақпан 2024
Ecology

Атырау, Қазақстан – 23 ақпан, 2024 ж.– Бүгін «Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) 2023 жылғы қызметінің нәтижелерін жариялады: шикі мұнай өндіру 28,9 миллион метрикалық тоннаны (230,6 миллион баррель) құрап, сондай-ақ атмосфераға шығарындылардың жалпы қарқындылығын 2000 жылмен салыстырғанда ең төмен деңгейге дейін төмендеді. Өткен жылы ТШО өндірген барлық құрғақ газды сату Қазақстанның ішкі нарығында жүзеге асырылды. Сондай-ақ компания жергілікті тұрғындар мен өнеркәсіптің қажеттілігі үшін сұйытылған көмірсутекті газының сенімді жеткізушісі болып қала берді.

2023 жылы ТШО Қазақстанға 13,9 миллиард АҚШ долларын құрайтын тікелей қаржылық төлемдерді аударды және Қазақстан Республикасының (ҚР) Қаржы министрлігі екінші жыл қатарынан компанияны еліміздегі жетекші салық төлеуші деп таныды. Осы кезеңде ТШО-ның қазақстандық қамтуға (ҚҚ) жұмсаған шығындар көрсеткіші 70%-ға жетті, ал негізгі өндірістегі 95%-ға жуық лауазымдарды қазақстандықтар иеленді, бұл көрсеткіш 1993 жылғы 50% ғана болатын.

2023 жылдың қыркүйегінде ТШО Үшінші буын зауытындағы (ҮБЗ) механикалық және құрылыс жұмыстарының негізгі кезеңін аяқтай отырып, Келешек кеңею жобасы – Ұңғыма ернеуіндегі қысымды басқару жобасындағы (ККЖ-ҰЕҚБЖ) маңызды межеге қол жеткізді. Қазіргі уақытта жоба аясында сынақ және қосу-реттеу жұмыстары жүргізілуде. ККЖ-ҰЕҚБЖ басталғалы бері ТШО қазақстандық тауарлар мен қызметтерді сатып алуға 18 миллиард АҚШ долларынан астам инвестиция салды.

«Тәуелсіз зерттеу нәтижелеріне сәйкес, соңғы онжылдықта ТШО-ның өндірістік қызметі жыл сайын Қазақстандағы жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) шамамен 11%-ын қамтамасыз етті. ТШО Қазақстанның экономикалық ілгерілеуі мен энергетикалық қауіпсіздігін ынталандыруда жетекші рөл атқаруды жалғастыруда», - деп атап өттті ТШО бас директоры Кевин Лайон.

1993 жылдан бері ТШО Қазақстанға 190 миллиард доллардан астам тікелей қаржылық төлемдер жасады, оның ішінде мемлекеттік бюджетке төленген салықтар мен роялти, мемлекеттік кәсіпорындарға төлемдер, қазақстандық серіктестерге төленген дивиденттер, қазақстандық тауарлар мен қызметтерді сатып алу және жергілікті қызметкерлердің жалақысы кіреді.

ТШО бас директорының орынбасары Көңілқош Сүйесінов өз сөзінде атап өткендей: «Өткен жылы біз осы күнге дейінгі ең күрделі жөндеу жұмысын мерзімінен бұрын сәтті аяқтадық. Жергілікті қазақстандық жеткізушілер компаниямыздың тарихында алғаш рет салмағы шамамен 100 тонна, биіктігі 37 метр болатын колоннаны сәтті жасап шығарып, сондай-ақ күкіртсіздірілген газды кептіруге арналған үш молекулалық елеуішті де ауыстырды. Бұл қазақстандық компаниялардың әлеуетінің тамаша көрсеткіші. дәлелі».

2023 жылы ТШО «Игілік» ерікті әлеуметтік инфрақұрылымдық бағдарламасы аясында Атырау облысында жалпы сыйымдылығы 600 орыннан асатын екі мектепті, сондай-ақ толық жабдықталған 75 төсектік аурухананы салып, пайдалануға берді. Сонымен қатар, ТШО ерікті әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы (ӘИБ) аясында денсаулық сақтау, экономикалық даму, білім беру, қазақ тілі мен мәдениетін қолдауға бағытталған жобалар арқылы Атырау облысындағы 11 000-нан астам бенефициарларға оң әсер етті.