10 шілдеде Атырауда мұнай-газ машина жасауды дамытудың халықаралық орталығының (бұдан әрі – IMB орталығы) 200-ден астам шетелдік және қазақстандық тауар өндірушілер, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, KAZENERGY қауымдастығы, сондай-ақ үш ірі мұнай-газ компаниялары: «Теңізшевройл» ЖШС (ТШО), Солтүстік Каспий жобасының операторы NCOC және Karachaganak Petroleum Operating B.V. қатысқан жыл сайынғы форумы өтті.
«Бүгінгі іс-шара Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттары мен Энергетика министрлігінің бастамасымен отандық бизнестің мүмкіндіктері мен мұнай-газ саласындағы ірі инвестициялық жобалардың қажеттіліктері туралы хабардар ету мақсатында ұйымдастырылды», - деп атап өтті өз сөзінде Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов. – Айта кету керек, бүгінде мұнай-газ секторындағы барлық сатып алулардың негізгі бөлігі – 70 пайызы немесе 4,7 триллион теңге үш ірі мұнай-газ компаниларға тиесілі: ТШО, ҚПО және НКОК.
Дегенмен, ТШО соңғы 10 жылда жергілікті компанияларға жылына орта есеппен 3 миллиард АҚШ долларынан астам қаржы бағыттап, елдің көптеген салаларында экономикалық белсенділікті ынталандырды. 1993 жылдан бері ТШО жергілікті тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуға 48,4 миллиард АҚШ долларынан астам қаржы бөлді.
ТШО қазақстандық қамтуды дамыту бойынша Қазақстан бастамаларды қолдайды. Тек 2023 жылы ТШО-ның қазақстандық қамту деңгейі 70%-дан асып, бұл соңғы 8 жылдағы қазақстандық қамтудың ең жоғары деңгейі болып отыр.
«ТШО түпнұсқа жабдықтар өндірушілерін (OEM) Қазақстанда өндіріс ашуға ынталандыру және тарту мақсатында қазақстандық іскер серіктестермен тығыз жұмыс істеуді жалғастыруда», - деп атап өтті ТШО бас директоры Кевин Лайон.
Атап өтсек, 2024 жылы ТШО 10-нан астам отандық тауар өндірушілермен және қызмет көрсетушілермен келісім-шартқа отырды. Шарттардың тізімі тауарлар мен жұмыстардың кең ауқымын қамтиды. 13 отандық өндіруші ТШО-ның жаңа жеткізушілері болды (tengizchevroil.com)
Сонымен қатар, ТШО IMB орталығымен бірлесіп 2022-2023 жылдарға арналған өнімдердің тізімін анықтады. Әртүрлі тауарларға 7 сынақ түріндегі тапсырыс берілді.IMB орталық форумы барысында ТШО, НКОК, және КПО қатысуымен Ашық есік күндері, сондай-ақ жергілікті өндірушілердің тауарлары мен жабдықтарының көрмесі өтті.
***
«Мұнай-газ машина жасау саласын дамыту халықаралық орталығы» РЗТ (IMB орталығы) Қазақстан Республикасы Үкіметінің бастамасымен және үш ірі мұнай-газ компания «Теңізшевройл» ЖШС, Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В. және «North Caspian Operating Company N.V.» (Операторлар) құрылды. Орталықтың бағыты - талдаулар, біліктілік, әлеуетті дамыту және инвестицияларды ынталандыру бастамалары арқылы ірі ТШО, НКОК, және КПО ҚР машина жасау саласымен байланыстыра отырып, Қазақстан мұнай-газ саласындағы тауарлар өндірісін дамытуға жәрдемдесу болып табылады.
«Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) – шикі мұнайды, сұйытылған газды, құрғақ газды және күкіртті өңдеумен, өндірумен және сатумен айналысатын қазақстандық серіктестік. ТШО заманауи технологияларды пайдаланады және өз қызметін халықаралық қауіпсіздік және экологиялық стандарттарға сәйкес жүргізеді. 1993 жылы сәуірде Қазақстан Республикасы мен «Шеврон» корпорациясы арасында ТШО құрылды. Компанияның серіктестері: «Шеврон» – 50%, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ – 20%, ExxonMobil Kazakhstan Ventures Inc. - 25% және LUKOIL International GmbH - 5%.