Теңізшевройл 150 миллион теңгеге арнайы техниканы сатып алып, сыйға тартты

11 шілде 2024
Ecology

Осы жылы «Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) Атырау қаласына жалпы сомасы 150 миллион теңгеден астам екі арнайы техника сатып алып, сыйға тартты. Өткен аптада Атырау қаласы әкімдігінің алдында «КО – 530» лайсорғыш техникасын сыйға тарту рәсімі өтті. 

Арнайы техника құдықтарды және кәріз жүйесін шөгінділерден тазартуға арналған. Қарапайым вакуумдық машиналарға қарағанда бұл техника тек сұйық қалдықтарды ғана емес, сонымен қатар қатып қалған балшықты да тазалауға мүмкіндік береді. Техника жылдың төрт мезгілінде де вакуумдық жүйенің жұмыс жасауын қамтамасыз ететін арнайы сорғымен жабдықталған. Техника ең қиын жағдайларда жұмыс істеуге арналған және температураның күрт өзгеруіне төтеп бере алады. 

Қаңтар айында ТШО қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына «КО-806» әмбебап жол көлігін сыйға тартты. Арнайы техника ала көшелерін қыста қардан, жазда шаңнан тазартуға, сондай-ақ жолдарға арнайы реагент себуге және жасыл желектерді суаруға арналған. Машинаның көлемі 7,5 текше метрге дейін құм сепкіші, көлемі 7,8 текше метрге дейін суарғышы, алдыңғы қайырмасы және ортаңғы тазалағышы бар. 

Қала әкімі Шәкір Кейкін ТШО-ға облыс орталығының тұрғындары мен өңір басшылығының атынан алғысын білдірді. «Бұл арнайы техника қаламыздағы коммуналдық қызметтердің қиын да маңызды жұмыстарын атқару кезінде көмек болады. ТШО өңіріміздің әлеуметтік-инфрақұрылымдық дамуына елеулі қолдау көрсетіп отыр», - деп өз сөзінде айрықша атап өтті. 

«Теңізшевройл әлеуметтік жауапты компания ретінде, өзінің қызметкерлері мен олардың отбасылары тұрып, еңбек ететін өңіріміздің әлеуметтік дамуына қолдау көрсетуге тырысады, - деп атап өтті Теңізшевройлдың Үкіметпен және жұртшылықпен байланыс бөлімінің бас менеджері Айбек Қрамбаев. – ТШО осыған дейін Жылыой ауданына сыйға тартқан қар күрегіш машиналар өз міндеттерін жақсы атқарып, жолдарды жауған қардан уақтылы тазалап отырды. Осы жолы да техникамыз көңілден шығады деген үміттеміз».       

Өткен жылы ТШО Атырау облысына 2,5 млн АҚШ долларынан астам жалпы сомаға демеушілік көмек көрсетті. Сонымен қатар, Атырау облысына, оның ішінде Құлсары қаласына көрсетілген демеушілік көмек аясында үш инватакси, Жылыой ауданына – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының үздіксіз жұмыс істеуі үшін алты жедел жәрдем көлігі және төртарнайы техника, сондай-ақ №3 Арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына және қарттар үйіне емдік дене шынықтыру жаттығуларын жасауға арналған жабдық берілді. №3 мектеп-интернатының көздері нашар көретін оқушыларына арналған технология кабинеті толық жабдықталды және т.б. 

Сондай-ақ, ТШО екінші жыл қатарынан облысымыздағы 100 зейнеткердің «Атырау» шипажайында емделуіне қаржы бөліп отыр.