Теңізшевройл 9 тауар өндіруші кәсіпорынмен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

16 шілде 2024
Ecology

10-12 шілде аралығында Атырау қаласында өткен Халықаралық мұнай-газ машина жасауды дамыту орталығының (бұдан әрі - IMB орталығы) алғашқы форумы аясында «Теңізшевройл» ЖШС (ТШО), IMB орталығы және 9 тауар өндіруші компания арасында ынтымақтастық туралы үшжақты меморандумдарға қол қойылды. 

«Біз шағын, орта және ірі бизнесті қолдау, оның ішінде жергілікті әлеуетті барынша пайдалану үшін технологиялар трансферін белсенді түрде енгізіп келеміз. Жергілікті кәсіпорындардың рөлі маңызды болып қала бермей, сонымен қатар біздің қызметіміздің ажырамас бөлігі болып табылады», - деп атап өтті ТШО бас директорының орынбасары Көңілқош Сүйесінов. 

Аталмыш Меморандум компанияларға ірі мұнай-газ операторларының, оның ішінде ТШО-ның әлеуетті жеткізушілері ретінде қаралу үшін одан әрі біліктіліктерін дамытуға мүмкіндік береді. Бұл ТШО мен IMB орталығының бірлескен жұмысының қисынды жалғасы болып саналады. Өндірушілердің көпшілігі оқыту мен алдын ала біліктілікті шыңдаудан өткен, демек оларды IMB орталығы ТШО және басқа да ірі операторлармен одан әрі ынтымақтастық құруға ұсынған. Кейбір өндірістер ТШО-ның түпнұсқа жабдықтар өндірушілерін жергіліктендіру бағдарламасы (OEM) аясында жергіліктендірілді. Компаниялар ТШО өз қызметін Теңізде қаүіпсіз әрі үздіксіз жүзеге асыру үшін қажетті тауарларды өндіруге мамандандырылған. Мәселен, Genersi компаниясының компрофильді және спиральмен оралған төсемдері, Sigma Solution электр жабдығы және Kazelectromash электр кабельдері, Prolux LED жарықдиодты жарықтандыру жабдығы, сондай-ақ FAD Kazakhstan фланецтері мен фитингтері және т.б. 

ТШО елімізде өндірісті ашуға OEM-өндірушілерді ынталандыру мен тарту мақсатында Қазақстандық бизнес-серіктестермен тығыз ынтымақтастықты жалғастыруда. Мысалы, былтыр ТШО-ның 3 ірі серіктесі: «WIKA Group» (WIKA), «Emerson» және «Entreesse Valves» өз өндірістерін жергіліктендіріп, қазақстандық мамандар үшін жаңа жұмыс орындарының ашылуына себеп болды.