Еңбек пен қоршаған ортаны қорғау — «Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) негізгі құндылықтарының бірі болып табылады. Компания Қазақстан экономикасына барынша үлес қосуды жалғастыратын мұнай-газ саласының ең қауіпсіз, ең тиімді кәсіпорны болуға ұмтылады.
Осы мақсатта компанияда CHESM (Contractor Health, Environment, Safety Management) мердігерлік ұйымдарында еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және қоршаған ортаны қорғау мәселелерін басқару жүйесі енгізілген болатын.
Бұл жүйенің негізгі мақсаты – мердігерлердің, кімнің не үшін жауапты екенін нақты анықтау, барлық тараптардың тығыз ынтымақтастығын қамтамасыз ету және жұмысшылардың қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі әрекеттер жоспарын ұстану.
Сондай-ақ, мердігер компаниялар үшін жұмыс орындарында тексерулер жүргізіледі. Инспекциялар кезінде ҚР заңнамасы және ТШО ішкі ережелері бойынша еңбекті қорғау талаптары қалай сақталатыны тексеріледі. Мәселен, қызметкерлерде жұмысты орындауға қажетті құжаттардың, оқыту сертификаттары, арнайы білімді тексеру туралы куәліктер және жеке қорғаныс құралдарының болуы. Инспекция нәтижелері дерекқорға енгізіліп, жүргізілген инспекция үшін бағалау қойылады.
CHESM жүйесі - жүздеген мердігер компаниялардың өкілдері бір уақытта жұмыс істейтін ТШО-ның барлық нысандарында қауіпсіздікті тұрақты бақылау үшін маңызды. Тәуекелдерге қатысты барлық деректер, процестерді жақсарту қажеттілігі, нұсқауларды жаңарту және т.б. бірыңғай дерекқорда сақталып, қауіпсіздік бойынша прогресті бақылауға мүмкіндік береді.