Атырауда ТШО-ның су тасқынына қарсы шараларға қосқан үлесі атап өтілді

09 тамыз 2024
Ecology

Атырауда облыс әкімі Серік Шәпкеновтің қатысуымен су тасқынына қарсы іс-шараларға белсене атсалысқан азаматтар мен компанияларды марапаттау рәсімі өтті. Марапатталғандардың қатарында су басқан Құлсары қаласының тұрғындарына көмек көрсету үшін 2 млрд теңге бөлген «Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) болды.
«Жағдайдың ауырлығын түсіне отырып, біздің біртұтас халқымыз отаншылдықтың үлгісін көрсетіп, су тасқыны қаупінің алдын алу үшін қолдан келгеннің бәрін жасады. Біз іс жүзінде «Біздің күшіміз - бірлікте» деген ұранның жай сөз еместігін дәлелдедік. Су тасқынымен күрес Атыраудың тарихында, ал азаматтарымыздың ерлігі әрқайсымыздың есімізде қалады», - деп атап өтті Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов.
Өңірдегі алғашқылардың бірі болып, ТШО су басқан Құлсары тұрғындарына көмек көрсету үшін 2 млрд теңге бөлді. 2 сәуірде жергілікті биліктің алғашқы сұраныстарынан кейін компания Жылыой ауданының тұрғындарына көмекке келді. Құлсары қаласын судан қорғау мақсатында барлығы 100-ге жуық арнайы техника жөнелтіліп, жұмысшылар үшін тамақ ұйымдастырылды, 2 ай бойы ауданға 550 мың литрден астам жанар-жағармай тегін жеткізілді.
6 сәуірге қараған түні ТШО өз автобустарымен Жылыой ауданының 7000 астам тұрғынын Теңіз кен орнындағы мердігер компаниялардың вахталық қалашықтарына эвакуациялады. Олар маусым айына дейін Теңізде тұрып, үйлеріне аман-есен оралды.
"Теңізшевройл әрдайым қиын-қыстау кезеңде жергілікті қоғамдастыққа қолдау көрсетуге ұмтылады. Осы сәттерде жергілікті билікпен ынтымақтастаса отырып, күш-жігерімізді біріктіру, ауыртпалықтармен күресуге ықпалын тигізетінін көріп отырмыз. Біз мыңдаған қызметкерлеріміз тұрып, жұмыс істейтін, сондай-ақ компаниямыз өз қызметін жүзеге асыратын өңір тұрғындарының әл-ауқаты мен қауіпсіздігіне үлес қоса алатынымызды мақтан тұтамыз", - деп атап өтті ТШО құқықтық қамтамасыз ету департаментінің бас менеджері Әсет Құрманбаев.
Сонымен қатар, ТШО өз отбасына қолдау көрсету мақсатында қайта оралуы қажет барлық қызметкерлердің әл-ауқатына айтарлықтай нұқсан келтірмей сәтті қамтамасыз етті.
ТШО еріктілері де белсенді жұмыс істеді: бас кеңсенің қызметкерлері, олардың отбасы мүшелері және мердігерлұйымдардың қызметкерлері бір күнде 4,5 тоннадан астам гуманитарлық көмек, соның ішінде жеке гигиена заттары, ойыншықтар мен кітаптар жинап, жүкті Теңіз кен орнына ұшақтармен жөнелтті. Гуманитарлық көмек қабылдау пункті компанияның кеңсесінде жұмыс істеді.
Атырауда, халық арасында «Черная речка» деп аталып кеткен Сарыөзек өзенінің бойында ТШО ұзындығы 8 шақырымнан астам бөгет салды. Құрылысқа 100-ге жуық қызметкер мен 60-тан астам түрлі техника жұмылдырылды. Биіктігі 3 метрлік болған инженерлік құрылым қаланы үлкен судан қорғауға көмектесті.
Сондай-ақ, ТШО мен мердігер компаниялар Құлсары қаласында қалыпты өмірді қалпына келтіруге көмек көрсетті. Компания суды соруға арналған сорғыларды, вакуумдық машиналарды және басқа да арнайы техникаларды, сондай-ақ жанар-жағармайды ұсынды.
Сонымен қатар, Жылыой ауданының Құлсарыдағы тұрғындарына ауыз су тапшылығына байланысты бөтелке суын жеткізуді ұйымдастырды. ТШО қысқа мерзімде 24 000 литр бөтелкедегі  суды Құлсары қаласына жедел түрде жеткізіп берді. Су көп балалы отбасыларға, балалар мен қарттарға үлестірілді.