ТШО мердігерлерді мамандарды ұлттандыруды ынталандыруға шақырды

19 тамыз 2024
Ecology

Теңіз кен орнында жұмыс істейтін мердігерлер мен қосалқы мердігерлерге «Шетелдік қызметкерлерді кейіннен Қазақстандық мамандармен алмастыру бойынша жоспарлы даярлау жөніндегі жол картасы» таныстырылды. Жұмыс кездесуіне Атырау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының, «Теңізшевройл» ЖШС және 100-ден астам жеке мердігерлік компаниялардың өкілдері қатысты.
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Азамат Мәмбетов: «Мемлекет басшысы 2022 жылы ірі бизнес өкілдерімен өткен кеңес барысында кәсіпорындар мен ұйымдарда тапшылық байқалатын бейінді шетелдік мамандарды жұмысқа шақыру қажеттігін атап өтті. Осы бағытта Еңбек министрлігінің тапсырмасы бойынша өңірлерде шетелдік қызметкерлерді кейіннен ауыстыру үшін қазақстандық кадрларды жоспарлы даярлау жөніндегі іс-шараларды көздейтін Жол картасы жасақталды. Жалпы, 2019 жылға қарағанда биыл шетелдік жұмыс күшішің саны 3,6 есеге азайды»  » - деп атап өтті.
Жол картасы екі жыл ішінде жүзеге асырылады деп жоспарлануда. Оның негізгі тармақтары шетелдік жұмыс күшін одан әрі алмастыру үшін өзекті мамандықтар бойынша азаматтарды оқыту және қайта даярлау, бос жұмыс орындар жәрмеңкелерін өткізу, мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін жаңа жұмыс орындарын құру, сондай-ақ шетелдік маман тарапынан қазақстандық қызметкерлер үшін тәлімгерлікті ұйымдастыру болып табылады. ТШО жүзеге асыратын жұмысшы мамандықтарды оқыту және қайта оқыту бойынша қысқа мерзімді курстардың рөлі ерекше атап өтілді. Басқарма басшысының айтуынша, 2019-2023 жж. аралығында арнайы оқу бағдарламасын тәмамдағандардың 80% жұмысқа орналасқан.
«Теңізшевройл қазақстандық кадрлардың әлеуетін дамытуда мемлекет саясатын қолдауды жалғастыруда және мердігер ұйымдарға осындай үлгіні ұстануға кеңес береді. ТШО штатында қазір қызметкерлердің 95% астамы - Қазақстан азаматтары. Түрлі бағдарламалардың нәтижесінде қазақстандықтардың басым көпшілігі басшылық лауазымдарды иеленуде. Мәселен, қазір ТШО-да ККЖ-ҰЕҚБЖ есепке алмағанда жоғары және орта буын басшылары арасындағы қазақстандықтардың үлесі 87,5% құрайды. Жалпы, 2007 жылдан бастап 460-тан астам ұлттық қызметкер негізгі және басшылық лауазымдардағы шетелдік әріптестерін алмастырды», - деп атап өтті ТШО бас директорының орынбасары Көңілқош Сүйесінов. 
Адамдар - компанияның негізгі капиталы болып табылады. Қызметкерлердің қауіпсіздігі мен әл-ауқаты, олардың жоғары әлеуетін ашу - ТШО-ның кадрлық стратегиясының негізі болып табылады. Бүгінгі таңда ТШО жергілікті қызметкерлердің білімі мен дағдыларын дамытуға және кеңейтуге 100 миллион АҚШ долларынан астам инвестиция салды. Перспективалы мамандарды тарту және ұстап тұру үшін ТШО айтарлықтай жеңілдіктер мен әлеуметтік пакетті ұсынады, перспективалы кадрларды басқару және олардың әл-ауқатын арттыру стратегияларын іске асырады, сондай-ақ этномәдени әртүрлілік пен ортақтастыруды қолдайтын, адалдық пен сенім қалыптасуына ықпал ететін, сондай-ақ командалық жұмыстың маңыздылығын арттыратын ұйымдық мәдениетке ықпал етеді. 
Бұдан басқа, компания келешегі зор қазақстандық қызметкерлерге ТШО акционерлерінен отандық және халықаралық жұмыс тәжірибесін алуға мүмкіндік береді, сондай-ақ олардың бірегей біліктіліктерін дамытуға, халықаралық стандарттар, технологиялар және озық тәжірибелер білімін алуға ықпал етеді, осылайша олар бұдан әрі жоғары басшылық және техникалық лауазымдарды атқара алады. 1999 жылдан бастап ТШО-ның 470-тен астам ұлттық қызметкері компанияның халықаралық және қазақстандық өкілдіктерінде жұмысқа уақытша тағайындалды. 
Дайындалған мамандар компанияда негізгі лауазымдарда табысты қызмет атқарып ғана қоймай, өз білімдері мен тәжірибесін экономиканың басқа салаларына әкеледі, бұл өз кезегінде жаңа жұмыс орындарын құруға, еңбек өнімділігін жақсартуға және елдің халықаралық аренада бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ынталандырады.