Атырау, Қазақстан, 3 қыркүйек, 2024 жыл – «Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) Қазақстандағы Теңіз мұнай-газ кен орнындағы Кешенді технологиялық желілер зауытында (КТЖ) бес технологиялық желілердің екеуінде техникалық қызмет көрсету бойынша жоспарлы күрделі жөндеу жұмыстарын белгеленген жоспар мен бюджет аясында қауіпсіз аяқтады. 2024 жылы КТЖ-1 күрделі жөндеу жұмыстары 2019 жылы өткен КТЖ-1 күрделі жөндеуімен салыстырғанда жұмыс тиімділігінің 23%-ға артқанын көрсетті.
Қазақстан Республикасының (ҚР) заңнамасына және мұнай-газ саласындағы халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізілген жөндеу жұмыстары барысында ТШО-ның негізгі өндіріснің сенімді жұмысын қамтамасыз ету үшін салалық жетекші жұмыс әдістері қолданылды.
ТШО-ның күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуде үлкен тәжірибесі бар, бұл компанияға соңғы 10 жыл ішінде негізгі өндірісіндегі жабдықтардың сенімділігіне 98%-дан астам қол жеткізуге көмектесті.
«Биылғы күрделі жөндеу ТШО мен біздің мердігер компаниялар арасындағы тығыз ынтымақтастықты көрсетеді. Мен қызметкерлеріміздің кәсібилігі мен адалдығын, сондай-ақ олардың қауіпсіздікке, тиімділікке және жоғары деңгейге жетуге деген мызғымас адалдығын мақтан тұтамын. Осының арқасында күрделі жөндеу сәтті өтті», - деп атап өтті ТШО бас директоры Кевин Лайон.
Күрделі жөндеу жұмыстарына 7000-нан астам қазақстандық қызметкерлер қатысса, ал 20 жергілікті мердігер ұйымдары жабдықтың тұтастығы мен сенімділігін қамтамасыз етуге бағытталған жақсарту бойынша бірқатар іс-шараларды іске асырды.
«Осы кезең барысында, біз қазақстандық өндірушілер мен қызмет көрсетушілерді жұмыстарға тартуға басымдық бердік. Бұл тәсіл қауіпсіз және сенімді жұмысты қамтамасыз етіп қана қоймай, жергілікті жұмысшылардың кәсіби дәрежелерін дамытуға айтарлықтай үлес қосады», - деп ерекше атап өтті ТШО бас директорының орынбасары Көңілқош Сүйесінов.