ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Теңіз кен орнына іс-сапармен барды

11 қараша 2024
Ecology

Теңізшевройл (ТШО) бас кеңседе «KAZENERGY» қауымдастығының ұйымдастыруымен мұнай-газ секторындағы экология саласындағы мәселелерге арналған дөңгелек үстел өткізді. Оған Қазақстан Республикасының (ҚР) Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Жомарт Әлиев, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің басшылары мен мамандары, сондай-ақ қауымдастыққа мүше мұнай-газ өндіру және өңдеу кәсіпорындарының өкілдері қатысты.

«Осы іс-шараның барлық ұйымдастырушыларына алғысымды білдіремін. Біздің бірлескен күш - жігеріміз одан әрі жетілдіру бойынша жұмысымызға көмектеседі. Дөңгелек үстелдің жұмысы сындарлы диалог үшін тамаша алаң болып табылатынын атап өткім келеді», - деді Жомарт Әлиев вице-министр.

Өзекті мәселелерді талқылаумен қатар, мұнай-газ компаниялары экология саласындағы жетістіктер туралы да бөлісті. Мәселен, Теңізшевройл 2000 жылмен салыстырғанда атмосфераға шығарындылардың қарқындылығын 76% төмендетті, бұл компания тарихындағы ең төменгі деңгей. «ТШО адам ден-саулығы мен қоршаған ортаны қорғауға басымдық бере отырып, Қазақстанның стратегияларын қолдауда өз рөлін атқарады. Біз ҚР Экологиялық кодексін іске асыруда қолдау көрсету үшін экология және табиғи ресурстар министрлігімен ынтымақтасуға дайынбыз. ТШО-ның экологиялық қағидаттары мен құндылықтарын ұстана отырып, біз келесі буын үшін тұрақты болашақ пен одан әрі экономикалық прогресс құру бойынша ортақ күш-жігерге өз үлесімізді қосамыз деп үміттенеміз» - деп атап өтті Кевин Лайон Теңізшевройл Бас директоры.

Дөңгелек үстел аясында ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Жомарт Әлиев Теңіз кен орнына барып, негізгі экологиялық нысандарымен, оның ішінде Теңіз ЭкоОрталығы (ТЭО) сияқты, сондай-ақ суды қайта өңдеу (СҚӨ) және кәріз-тазарту нысандарымен (КТН) танысты.

“Біздің сапарымыздың негізгі мақсаты, ең алдымен, мұнай-газ секторының ірі компанияларының өндірістік қызметімен, сондай-ақ жаңа техникалық шешімдерді енгізу қарқыны, қоршаған ортаны қорғау іс-шараларын іске асыру деңгейімен тәжірибе алмасу және танысу болды. Болашақта бір-бірімізді жақсы түсіну үшін біз өз мамандарымыздың өндірістік нысандармен танысқаны абзал. Экологиялық бағытта көптеген жұмыстар атқарылып жатқанын әрі біз барған компаниялар экологиялық жауапты екенін атап өткім келеді. Ал, ТШО болса, оның бизнес-серіктестері мен басқа да компаниялар оған бой түзейтін компания болып саналады”, - деп ерекше атап өтті Теңіз кен орнына сапар барысында вице-министр Жомарт Әлиев.

Айта кететін ақпарат, Теңізде қалдықтарды басқарудың тиімді әдістерінің арқасында пайда болған қалдықтардың 51% қайта өңделіп, қайта пайдаланылады. Суды қайта пайдалану коэффициенті де саладағы ең жақсы көрсеткіштердің бірі болып табылады; 2024 жылдың үшінші тоқсанында судың 47% қайта пайдаланылды. ТШО тұрмыстық сарқынды суларды кәдеге жарату, сондай-ақ өнеркәсіптік мақсаттарда қайта өңдеу және қайта пайдалану арқылы су ресурстарын үнемдеу жөніндегі шараларды жүзеге асыруды жалғастыруда.

Соңғы екі онжылдықта, ТШО қоршаған ортаны қорғау және тиімді басқару жүйесін ұстануда.