2024 жылдың 11 желтоқсанында «Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) мен «KMG PetroChem» ЖШС («Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ еншілес ұйымы) құрғақ газды сатып алу-сату туралы келісімге қол қойды. Келісім аясында ТШО Атырау облысындағы Газ өңдеу зауытына 9 миллиард текше метрге дейін құрғақ газ жеткізетін болады. Еске сала кетейік, бұдан бұрын ТШО мен KMG PetroChem қажетті келісімдердің негізгі шарттарына (Негізгі шарттар) қол қойған болатын. Теңізшевройл мен KMG PetroChem «Газ бөлу кешені» жобасы бойынша келісімдердің Негізгі шарттарына қол қойды
«Бірқатар шарттарға өзгеріс енгізілгеннің арқасында біз Қазақстан үшін стратегиялық маңызы бар мұнай-газ химиясы жобаларын – Газды бөлу кешені мен Полиэтилен өндіру зауытын жүзеге асыруға бір қадам жақындадық. Бұл жобалар бірінші кезекте еліміздің одан әрі индустриялық-экономикалық дамуына бағытталған», – деді «ҚазМұнайГаз» басқармасының төрағасы Асхат Хасенов.
Жаңартылған келісім-шартқа сәйкес, ГБК жобасында құрғақ газдан этанның кемінде 98%-ын алынып, жылына 1,25 миллион тонна өндірістік қуаты бар полиэтилен өндіру зауытында (Атырау облысындағы Полиэтилен жобасы, Қарабатан) шикізат ретінде пайдаланылуы жоспарлануда.
"ТШО – елдің мұнай-химия өнеркәсібін дамыту стратегиясын қоса алғанда, Қазақстан Республикасының энергетика саласын айтарлықтай қолдап отырған бірден бір кәсіпорын. Газды бөлу кешені жобасы үшін құрғақ газды жеткізу туралы келісімге қол қою мұнай-химия өнеркәсібін дамытудың маңызды кезеңі болып табылады, ал ТШО үшін бұл компания шикізаттың негізгі жеткізушісі болатын үшінші ірі жоба», - деді «Теңізшевройл» бас директоры Кевин Лайон.
ТШО еліміздің мұнай-химия өнеркәсібін де, ішкі қажеттіліктерін де шикізатпен қамтамасыз ете отырып, Қазақстан Республикасындағы газға өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандыруда жетекші рөл атқарып келеді. ТШО барлық өндірілген құрғақ газды елдің ішкі нарығына жеткізеді.
***
«KMG PetroChem» ЖШС (бұрынғы «KLPE» ЖШС) «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның 100 пайыз еншілес кәсіпорны болып табылады. Кәсіпорын ҚМГ тобындағы мұнай-газ химиясы саласындағы жобаларды жүзеге асырады және үйлестіреді. «KMG PetroChem» қызметінің саласына жобаланатын полиэтилен зауыты мен газды бөлу кешені, сондай-ақ басқа да мұнай-газ химия жобалары кіреді.
«Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) – шикі мұнайды, сұйытылған газды, құрғақ газды және күкіртті өңдеумен, өндірумен және сатумен айналысатын қазақстандық серіктестік. ТШО заманауи технологияларды пайдаланады және өз қызметін халықаралық қауіпсіздік және экологиялық стандарттарға сәйкес жүргізеді. 1993 жылғы сәуірде Қазақстан Республикасы мен «Шеврон» корпорациясы арасында ТШО компаниясы құрылды. Компанияның серіктестері: «Шеврон» – 50%, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ – 20%, ExxonMobil Kazakhstan Ventures Inc. - 25% және Лукойл - 5% болып табылады.