Petrologistics, Rental & Transportation-2025: ТШО 2024 жылы 100 мыңнан астам вагондарды қауіпсіз тиеп, тасымалдады.

20 наурыз 2025
Ecology

«Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) мамандары «PetroCouncil» Қазақстанның Мұнай-газ Кеңесі ұйымдастырған «PetroLogistics, Transportation & Rental-2025» 2-ші жыл сайынғы конференциясына қатысып, мұнай, газ, күкірт тасымалдау мен жүк логистикасының өзекті мәселелерін талқылады.

ТШО Қазақстандағы жетекші мұнай өндіруші бола отырып, ел экономикасына жалпы сомасы 201 миллиард АҚШ долларын құрайтын тікелей қаржылық төлемдерді қамтамасыз етті. ТШО шикі мұнайдан басқа табиғи газ, пропан, бутан және күкірт өндіреді. Бұл өнімдерді қауіпсіз, тиімді және үздіксіз өндіру және тасымалдау ТШО қызметінің негізі болып табылады.

Теңіз мұнайы халықаралық нарыққа құбыр арқылы да, теміржол арқылы да жеткізіледі. Құбырлар тасымалдаудың негізгі түрі болып қалатынына қарамастан, темір жол да ТШО-ның экспорттық стратегиясында маңызды рөл атқарады. Осылайша, сұйытылған мұнай газы мен күкірт үшін темір жол жалғыз көлік түрі болып табылады. Тек 2024 жылы ТШО 50 ден астам бағыт бойынша 100 000 нан астам вагонды қауіпсіз тиеп тасымалдады. Өткен жылы тасымалданған өнімнің жалпы салмағы Астанадағы 42 000 «Бәйтерек» мұнарасының салмағына тең.

«Біздің жетістігіміз Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі және Көлік министрлігімен, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ, «Қазақтеңізкөлікфлоты» Ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы» ЖШС (ҚТКФ)-мен, сондай-ақ негізгі терминалдармен, порттармен және логистикалық провайдерлермен берік әріптестік қатынастарға негізделген. Бұл ынтымақтастық Қазақстанның энергетикалық ресурстарын ішкі және әлемдік нарықтармен байланыстыратын үздіксіз және сенімді жеткізу тізбегін қолдаудың негізі », - деп атап өтті Лори Саско «Теңізшевройл» ЖШС Маркетинг және тасымалдау бөлімінің бас менеджері конференция барысында.

Сондай-ақ, ТШО Қазақстан тұрғындары мен кәсіпорындарына газды үздіксіз және тиімді тасымалдауды қолдау мақсатында «Интергаз Орталық Азия» АҚ компаниясымен тығыз ынтымақтық құра отырып, Қазақстанның магистральдық газ құбыры арқылы өндірілген барлық тауарлық газды үздіксіз жеткізуді қамтамасыз етеді.