2025 жылдың 3-5 маусым аралығында «Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) және «Мұнай-газ машина жасау саласын дамытуға арналған халықаралық орталық» қауымдастығының (IMBC) басшылығы мен бейінді мамандары Шымкент қаласына жұмыс сапарымен барды. Сапар өңірлік органдармен және жергілікті зауыттармен ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ жергілікті өндірістің дамуына және оқшаулануына жәрдемдесу мақсатында ұйымдастырылды.
Сапардың бірінші күні ТШО және IMBC делегациясы Шымкент қаласының тауар өндірушілерінің көрмесіне барып жергілікті компаниялардың өнімдерімен танысты. Келіссөздер барысында Шымкент қаласының кәсіпкерлік және инновациялық даму басқармасының басшысы Біржан Әзімбердиев өңірдің индустриялық және инвестициялық әлеуетімен таныстырды. Көңілқош Сүйесінов, ТШО бас директордың орынбасары сатып алудың ағымдағы құрылымы, жеткізушілерді іріктеу механизмі, компания оқшаулауға мүдделі тауарлар мен қызметтердің басым санаттары туралы баяндады.
Келесі күні ТШО және IMBC мамандары өңірдің негізгі өнеркәсіптік алаңдарына барды. Олардың қатарында Asia Trafo трансформаторлық жабдықтар зауыты, HILL Corporation майлау материалдарын өндіруші, KARLSKRONA LC AB гидравликалық жабдықтар шығаратын кәсіпорын, Renaissance SHIK жарылысқа төзімді электр жабдықтарын өндірушілері бар. Сапар қорытындысы бойынша ТШО өкілдері жекелеген кәсіпорындардың технологиялық жабдықталуының жоғары деңгейін атап өтті.
«ТШО өндірістік әлеуетті бағалауға мұқият қарап, процестердің сапасына, қауіпсіздігіне және ашықтығына жүйелі көзқарасқа ерекше назар аударады. Жергілікті кәсіпорындар халықаралық стандарттарға бейімделуге және диалог құруға дайын болуы маңызды. Бұл одан әрі әлеуетті ынтымақтастықтың негізін құрайды», - деп атап өтті Теңізшевройл бас директорының орынбасары Көңілқош Сүйесінов.
Сапардың соңғы күні мұнай-газ машина жасау саласындағы тиімді ынтымақтастықты дамытуға бағытталған IMBC мен Шымкент қаласы әкімдігі арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қоюмен аяқталды.
«Біздің басты міндеттеріміздің бірі жергілікті өндірушілерді қолдау және оларды дамыту. Осы сапардың арқасында біз өңірдің өндірістік базаны дамытуға жоғары дайындығына көз жеткіздік», - деп атап өтті IMBC Бас директоры Дастан Әбішев.
ТШО және IMBC өкілдері Шымкент қаласы кәсіпорындарының жоғары өнеркәсіптік әлеуетін, заманауи өндірістердің болуын және экспортқа бағдарланған секторды дамытуға ұмтылысын атап өтті. Бизнес, оператор және билік арасындағы ашық және мағыналы диалог тұрақты ынтымақтастықтың берік негізін құрайды.
Шымкент қаласының өндірістік алаңдарына жасалған сапар ТШО-ның Қазақстанның барлық өңірлерін жүйелі түрде танысу және жергілікті өндірушілердің мүмкіндіктерін зерделеу жөніндегі ауқымды жоспарының бөлігі болып табылады. ТШО қазірдің өзінде әртүрлі облыстардағы кәсіпорындармен жұмыс істеуде, осылайша бүгінгі таңда
компаниямен өзара іс-әрекет процесіне Қазақстан аумақтарының басым бөлігі жұмылдырылған.