Атырау облысында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасы және «Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) ынтымақтастығы аясында жүзеге асырылған жұмыссыз азаматтарға арналған кәсіби оқыту курсы аяқталды. Жоба өңірдегі халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және сұранысқа ие жұмысшы мамандықтарды дамыту бойынша шаралардың бір бөлігі болды.
Білім беру осы жылдың қаңтар–сәуір айларында APEC PetroTechnic, Apec Training Center, Edil-Oral.kz және Мақат мұнай-газ технологиялық колледжі сияқты аккредиттелген оқу орталықтарының базасында өтті. 2026 жылы бағдарламаға өңірдің 55 тұрғыны қатысты.
Курс аясында қатысушылар еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарды, оның ішінде темір жону ісін, дәнекерлеуді, бұзбай бақылауды, сондай-ақ жарылысқа төзімді жабдыққа инспекция және аудит жүргізуді меңгерді. Бағдарлама қолданбалы дағдыларды қалыптастыруға және өндірістік тәртіпті сақтауға бағытталған теориялық дайындық пен практикалық сабақтарды қамтыды.

Оқу нәтижесінде қатысушылар жаңа кәсіби дағдыларды меңгеріп, бұл олардың жұмысқа орналасу мүмкіндігін арттыруға және жаңа мамандық бойынша еңбек қызметін бастауға жол ашты. Қатысушылардың көпшілігі үшін бұл курс еңбек нарығына қайта оралуға және кәсіби жолда жаңа кезеңді бастауға жасалған маңызды қадам болды. Қазіргі уақытта курсты бітірген 14 студент жұмысқа орналасты.
Атырау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына басшысы Полымбет Хасановтың айтуынша, бұл бағдарлама екі қолға бір күрек таба алмай жүргендер үшін үлкен мүмкіндік болмақ.

«Біздің мақсатымыз — әрбір жұмыссыз азаматты нарық талабына сай оқытып, оның әрі қарай жұмысқа орналасуын қадағалау. ТШО-мен бірлескен бұл бастама мемлекет пен бизнестің тиімді серіктестігінің жарқын үлгісі болып қала бермек. Біз өз тарапымыздан оларды жұмыспен қамту шараларын жалғастырамыз»
Оқу процесіне белсенді қатысқан оқытушылар мен оқу орталықтарына айрықша алғыс айтылды. Мамандарды даярлау сапасы өңір экономикасы үшін сенімді әрі білікті кадрларды қалыптастыруда шешуші рөл атқарады.
ТШО бас директорының орынбасары Қуанышкерей Мұхтаров атап өткендей: «ТШО үшін осындай бағдарламалар стратегиялық маңызға ие. Оқу бағыттары еңбек нарығындағы нақты сұранысты, оның ішінде өңірде қажет техникалық және жұмысшы мамандықтарды ескере отырып анықталды».

Қатысушылар мен ұйымдастырушылар мұндай бастамалардың жұмыспен қамту мүмкіндіктері әдетте шектеулі аудандардың тұрғындары үшін маңызды екенін атап өтті. Еңбек нарығындағы сұраныс пен жұмыссыз азаматтардың мүдделерін ескере отырып, кәсіби даярлау бағдарламаларын дамыту жұмысын жалғастыру жоспарланып отыр. ТШО 2019 жылдан бастап, 2024 жылға дейін база лық деңгейдегі оқытудың 12 кезеңін, оның ішінде Атырау облысында қысқа мерзімді арнайы курс тардың 4 курсын өткізді. Маңғыстау облысында осы кезеңде 12 оқу кезеңі аяқталды. Бүгінгі таңда 3770-тен астам адам оқудан өтті.
