Атырау облысына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Теңіз кен орнына барды. Сапар барысында министр «Теңізшевройл» ЖШС-ның (ТШО) негізгі өндірістік нысандарымен танысып, өндірістің қауіпсіздігі мен сенімділігін қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударды.
Министрлік өкілдері мен ТШО басшылығы Теңіз нысандарын қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету, өндірістің тұрақты деңгейін сақтау, кадрларды даярлау және дамыту, сондай-ақ өндірістік процестердің сенімділігін арттыруға бағытталған технологияларды қолдану мәселелерін талқылады.

«Теңіз – Қазақстанның мұнай-газ саласындағы негізгі жобалардың бірі. Жаңа өндірістік қуаттар жобалық деңгейге шықты. Ендігі міндет – бүкіл өндірістік кешеннің тұрақты әрі сенімді жұмысын қамтамасыз ету», – деді Ерлан Ақкенженов.
.jpg?sfvrsn=2707cd5c_5)
ТШО Бас директоры Билли Лакоби компания үшін негізгі басымдық Қазақстан Республикасының игілігі үшін қауіпсіз әрі сенімді өндірісті қамтамасыз ету болып қала беретінін атап өтті.
«Біздің қызметкерлеріміздің қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау және өндірістің сенімділігі ТШО-ның негізгі басымдықтары болып қала береді. Біз нысандарды қауіпсіз пайдалануға және өндірістік процестерді үздіксіз жетілдіруге ерекше көңіл бөлуді жалғастырамыз», – деді Билли Лакоби.
.jpg?sfvrsn=cc07cd5c_5)
Сонымен қатар, мұнай-газ саласының орнықты дамуы мен Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, стратегиялық маңызы бар өндірістік нысандардың сенімді жұмысын қолдау мәселелері бойынша алдағы өзара ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды.
.jpg?sfvrsn=c107cd5c_5)
ТШО Теңіз кен орны нысандарын қауіпсіз әрі тиімді пайдалануды қамтамасыз ете отырып, Қазақстан Республикасының энергетика саласы мен экономикасының дамуына елеулі үлес қосуын жалғастыра бермек.
Айта кетейік, 2026 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша көлемі 5,7 млн тонна шикі мұнай өндірілді. Ал осы кезеңдегі Қазақстан Республикасына тікелей төлемдер шамамен 1,7 млрд АҚШ долларына жетті.
.jpg?sfvrsn=5007cd5c_5)