Алматы қаласында 58 елден келген 500-ден астам компания мен 9 000-нан астам келушінің басын қосқан KIOGE 2026 Қазақстан халықаралық мұнай-газ көрмесі мен конференциясының 30 жылдық мерейтойлық іс-шарасы өтті. «Теңізшевройл» ЖШС (бұдан әрі – ТШО) дәстүр бойынша іс-шараның бас демеушісі болды.
Отыз жылдың ішінде KIOGE мемлекеттік органдардың, халықаралық энергетикалық компаниялардың, түрлі технология жеткізушілерінің және мұнай-газ саласы сарапшыларының басын қосатын, энергетика саласының негізгі сын-қатерлері мен даму перспективаларын талқылайтын жетекші салалық алаңдардың біріне айналды.
«KIOGE алаңы 30 жыл бойы отандық және халықаралық компаниялардың өкілдерін, энергетика саласының мамандарын бір арнаға тоғыстырып келеді. Бұл алаңда олар пікір алмасып, жаңа технологиялар мен инновациялық тәсілдерді талқылауға мүмкіндік алады. Сонымен қатар, жаңа технологияларды енгізумен қатар өндірісті, машина жасауды дамыту, мұнай-газ жабдықтарын шығаруды ұлғайту және олардың өндірісін елімізде жергіліктендіру маңызды екенін атап өткім келеді. Бұл локализация деңгейін арттыруға ықпал етеді», – деп атап өтті ҚР Энергетика вице-министрі Ерлан Ақбаров.

Биылғы жылы қатысушылардың назары энергетика саласындағы цифрландыру мен жасанды интеллектті қолдануға, өндірістік тиімділікті арттыруға, жаңа буын мамандарын даярлауға және тұрақты дамуға ауды.
ТШО Бас директоры Билли Лакоби компанияның өндірістің қауіпсіздігін, сенімділігі мен тиімділігін арттыру жолында заманауи технологияларды қалай пайдаланып отырғаны туралы айтып берді.

«ТШО үшін цифрлық трансформация жаңа технологияларды енгізумен ғана шектелмейді. Оның басты мақсаты – адамдарға неғұрлым негізделген шешімдер қабылдауға көмектесіп, өндірістің қауіпсіздігі мен сенімділігін арттыру, сондай-ақ компания мен Қазақстан Республикасы үшін ұзақ мерзімді құндылық қалыптастыру», – деді Билли Лакоби.
Компания деректерді біріктіру, талдау және өндірістік процестерді модельдеу бағытындағы шешімдерді дамытумен қатар, қарқынды өзгеріп жатқан технологиялық ортада тиімді жұмыс істеуге қажетті дағдылар мен құзыреттерді меңгерген мамандарды даярлауға инвестиция салуды жалғастырып келеді.
daa516af-c55a-47a0-8ed2-b3efd9e101db.jpg?Status=Master&sfvrsn=16efcd5c_5)
«Бүгінде ТШО қызметкерлерінің 96%-ын Қазақстан азаматтары құрайды, ал әрбір он басшылық лауазымның тоғызын қазақстандық мамандар атқарады. Біз қазақстандық жеткізушілерді, цифрлық шешімдерді және адам капиталын дамытуға инвестиция салуды жалғастырып келеміз», – деді ТШО Бас директоры Билли Лакоби.
ТШО қызметкерлердің кәсіби дамуына ерекше көңіл бөліп, халықаралық тәжірибе алмасу және оқыту мүмкіндіктерін ұсынады. 2020 жылдан бері 670-тен астам қазақстандық қызметкер бұрын шетелдік мамандар атқарған негізгі техникалық және басшылық лауазымдарға тағайындалды. Цифрландыру мен жасанды интеллект саласындағы құзыреттерді дамыту саланың технологиялық трансформациясы жағдайында маңызды бағыттардың бірі болып қала береді.

Еліміздегі ең ірі мұнай-газ жобаларының бірі ретінде ТШО Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосып келеді. 1993 жылдан бастап 2026 жылдың тамызына дейін компанияның Қазақстан экономикасына қосқан тікелей қаржылық үлесі 220 миллиард АҚШ долларын құрады. Оның ішінде 53,3 миллиард АҚШ долларынан астам қаражат қазақстандық қамтуды дамытуға бағытталды.