Кері байланыс үдерісі жұртшылық өкілдеріне «Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) қызметі жөнінде сұрақтар қойып және оларға тез де оңай жолмен құпиялықты сақтай отырып, жауап алу үшін байланысуға мүмкіндік береді.
ТШО мемлекеттік, іскерлік және жергілікті қауымдастықтармен жемісті және өзара тиімді қарым-қатынас орнату дәстүріне берік жолдан айнымай келеді. ТШО мен мүдделі тараптар арасындағы ашық диалог – осындай қарым-қатынас құрудың негізгі принципі болып табылады. ТШО-ның кері байланыс үдерісі – алаңдатарлық мәселе жөнінде ой бөлісудің, ұсыныс айтып, ескертпе жасаудың, соған сай жауап алудың сенімді тәсілі.
Сіз ескертпе/ұсынысты жіберген соң, ТШО оны алғандығын 5 жұмыс күні ішінде растайды. ТШО келіп Түскен ескертпе/ұсынысқа 20 жұмыс күні ішінде жауап береді.
ТШО келіп түскен ескертпе / ұсыныстарды қарастыру барысында оны компаниядан тыс жарияламайды. Ескертпе / ұсыныстар біздің жауап беруімізге мүмкіндік береді, бұл ТШО-ның жергілікті жұртшылықпен байланысын барынша ашық етеді.
Үдеріс құпиялықты сақтайды. Сауал жолдағанда, кері жауапты тікелей өзіңізге жолдауымыз үшін байланысуға қажетті ақпаратты қалдыруыңызды сұраймыз.
ТШО пікір қалдыруды барынша жеңілдетудің бірқатар әдістерін ұсынады. Жұртшылық өкілдері ТШО-ның кері байланыс сауалнамасын Атырау, Құлсары қалалары мен Теңіз кен орнында келесі мекен-жайлар бойынша толтыра алады:
Сонымен қатар, пікірлер электрондық поштасы мен tcofp@tengizchevroil.com тегін желісі арқылы қабылданады 8-800-080-84-88